group of employee discussing

Мансап бабымен ілгері жылжы

Ынтымақтастық, инновациялар және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту әрбір қызметкерге және компанияға жаңа биіктіктерге қол жеткізуге ықпалдасатын Отис командасына қосылыңыз

ЖҰМЫС ІЗДЕУ Біздің таланттар қауымдастығына қосылыңыз

Біз кім болып табыламыз

Отис жеделсатылар мен эскалаторларды өндіру, орнату және қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Біз бүкіл әлем бойынша 200-ден астам ел мен аймақтарда клиенттерге қызмет көрсетеміз және ~2.3 миллионнан астам жеделсатылар мен эскалаторларға қызмет көрсетеміз. Бізде 71 000-нан астам қызметкер, соның ішінде инженерлер, цифрлық технологиялар жөніндегі сарапшылар, сату бөлімінің мамандары мен қызмет аясы тар мамандар, сондай-ақ өнеркәсіптік және салалық техниктер жұмыс істейді. Біз тез дамып келе жатқан және жоғары өнімді компанияның міндеттерін шешуді жалғастырып жатқан жаһандық командамызды мақтан тұтамыз. Бірігіп, Отис адамдары біздің клиенттерімізге жақсы қызмет көрсету үшін барлық сағаттық белдеулерде, өңірлер мен мәдени аймақтарда өзара іс-қимыл жасай отырып, жаңа идеялар мен мүмкіндіктер қалыптастырады. Сіз мансабыңызды қалай өзгерте алатыныңызды елестетіп қана көріңіз?


forbes logo
 

Отис адамдары бізді ерекше етеді

whatmakesusunique

БІЗДІ ЕРЕКШЕ ЕТЕТІН НЕ


Біз жаңашылдықты бағалаймыз
–––
Біз өзімізге үміт артамыз
–––
Біз - бұл көп дауысқа ие қауымдастық
–––
Бірге болғанда одан да жақсымыз
–––
Одан бетер үздік болуға талпынамыз

whatwelookfor

БІЗ НЕНІ ІЗДЕЙМІЗ


Жаңашылдық
–––
Ынтымақтастық
–––
Қатысымгерлік
–––
Эмпатия
–––
Өкілеттіктерді
–––
Жылдамдық

whatweoffer

WHAT WE OFFER


"Біз қызықты, мақсатқа бағытталған жұмыс ұсынамыз
–––
Адамдар бір идея аясында топтасып, өзіндік күй кешетін орын
–––
Мансап бабымен жоғарылаудың елеулі мүмкіндіктері
–––
Еңбекке ақы төлеудің сенімді шарттары және артықшылықтар жиынтығы"

Сату

Біздің сатумен айналысатын командамыз клиенттерге күнделікті жоғары сапалы сауда операциялары мен қызмет көрсетуді ұсынады. Біздің өндірімділігі жоғары команда клиенттермен тікелей өзара іс-қимыл жасау арқылы өз жетістіктері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді. Сатушының көмекшісінен Бас директорға дейін өсу, Отис сату саласында және одан тыс шеңберде мансап бабымен өсудің құрылымдық траекториясын ұсынады.

Пайдаланушылық қызмет көрсету

Пайдаланушылық қызмет көрсету кезінде қатысушылар клиенттермен қарым-қатынас жасайды, техникалық және салалық білім алады, басқару дағдыларын дамытады. Техникалық және қаржылық стандарттарға сәйкестікті, нормативтік талаптарға және мүдделі тараптардың күтетін істерге сәйкестікті қамтамасыз етеді. Жергілікті жерлердегі қызмет механиктен жоба жетекшісі мен басқарушыға дейін мансап бабымен өсудің әртүрлі мүмкіндіктерін береді.

Өндіріс

"Отис құрамында өндіріс саласындағы мансап қызықты әлі болашағы зор мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады. Оларға жаңа өндірістік технологияларды әзірлеу, өндірістік процестерді құру және оңтайландыру, құн құрудың түрлі ағындары арқылы қорлардың қозғалысын жеделдету және түрлі орталарда адамдарды басқару қызметі жатады."

Жобалау

Жобалау тобы біздің саладағы ең бірегей әрі қызықты міндеттерді шешу бағытында жұмыс істейді. Әлемдік көшбасшы рөлін сақтау үшін біз жоғары өнімді командамыз үшін талантты, өршіл қызметкерлерді іздеуді жалғастырамыз. Біз электр жүйелерінен бастап автоматтық басқару жүйесіне дейін, жобалаудың механикалық бөлігінен бастап автоматтандырылған құрастыруға дейін жобалау саласында мансап бабымен жоғарылауға айрықша мүмкіндік береміз.

Кәсіби мүмкіндіктер

Ірі жаһандық ұйым ретінде біз көптеген қызықты кәсіби мүмкіндіктерді ұсынамыз. Біз сіздің қаржы, юриспруденция, цифрлық технологиялар, персоналды басқару, маркетинг, жеткізу тізбегі, коммуникация және сапаны бақылау саласындағы мамандандырылған дағдыларыңызды пайдалана аламыз. Сонымен бірге ұйымның әрбір деңгейінде мансап бабымен өсу мен түрлі мүмкіндіктерді ұсынамыз.

Біздің қызметкерлерді оқыту бағдарламамыз

Біздің ESP бағдарламамыз қызметкерлердің мапсап бойынша өсуіне қажетті өз дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді және сыртқы ортаның жылдам ауысатын жағдайында бағалы фактор болып табылады. Біз өз қызметкрелерімізге өз дағдысын шынайы ой өрісінен өткізген жол бойынша кеңейтуге мүмкіндік береміз

Біз кешенді мәселелерді шешу үшін жетістікке жетуге бағыт ұстанған адамдарды іздейміз

Отис күш күн сайын өрбитінін біледі, ал біздің қызметкерлердің іс құмарлығы, іске адалдығы мен еңбекқорлығы бізге табысқа жетуге мүмкіндік береді. Біз өз саламыздағы көшбасшы болып табыламыз, өйткені біздің қызметкерлер біздің клиенттеріміздің бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, одан да көбірек жұмыс жасайды.

Олар ертеңгі күннің қажеттілігін болжай алады. Біз ең үздік қызметкерлерді іздеу және дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, біз қызметкерлер ынта танытатын және оларға толық күшпен жұмыс істеуге уәкілеттік берілген қолайлы ортаны құрдық. Бүгін біз анағұрлым жоғары, қарқынды әрі ақылды әлемде жетістікке жету үшін шекараны кеңейтуді жалғастырамыз.

Otis is An Equal Opportunity, Affirmative Action Employer. All qualified applicants will receive consideration for employment without regard to race, color, religion, sex, sexual orientation, gender identity, national origin, disability or veteran status, age, or any other protected class according to applicable law.