Сервис - біздің артықшылық

Бізбен сіздің әлеміңіз үнемі қозғалыста болады

Отис сервисінің ерекшеліктерімен танысу®

1861 жылы Чарльз Отис әр лифтінің қауіпсіздігін, сенімділігі мен дұрыс жұмыс істеуін сөзсіз қамтамасыз ететіндігі туралы жеке уәде берген болатын. Және ол өзінің есімін қалдырып кетті. Бұл мұра өз ісіне берілген әрі ынтық адамдардың арқасында бүгінгі күнге дейін жетті. Сондықтан біз олардың жаңа технологияларға инвестициялар жұмсау қабілетін негізге аламыз.


Біздің атауымыз - Отис, ал сервис - біздің ерекшелігіміз.

Болашағыңыздың іргетасы

Біздің жан-тәнімен берілген командаларымыз жаңа құралдармен қамтамасыз етілген

Күн сайын біздің командаларымыз екі миллиард адамды қозғалыста ұстау үшін жеңдерін түре қызмет атқарады. Біз жаңа құралдар мен процестерге инвестиция жұмсауды одан әрі жалғастырудамыз, сондықтан біздің жоғары білікті механиктеріміз бен қолдау топтары қызметтердің жылдам көрсетілуін қамтамасыз ете алады. Осының барлығы біздің әлемді қауіпсіз, тиімді әрі сенімді қозғалту міндеттемеміздің бір бөлігі болып табылады.

24/7 OTISLINE® қолдау қызметімен бір қатарда, біздің механиктерімізде тиісті орында қызмет көрсету үрдісін жылдамдатуға, қауіпсіз әрі жайлы қозғалуға мүмкіндік беретін сандық қолдау құралдары жинағы бар.

Бұрынғыдан гөрі дербестендірілген тәжірибе

Біз сізді және сіздің жолаушыларыңызды басты назарға аламыз

Flexibility

Дербестендірілен шарттар

Тиімді қызметтер пакеттері жабдықты сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес қосу және қызмет көрсету нұсқаларын ұсынады.

Communication

Пайдаланушының хабарламалары

Хабарламаларға нақты уақыт режимінде қатынау және жеңілдетілген, барынша жылдам есеп құру мүмкіндіктерін оңай баптаңыз.

Smart Signals

Оқиғалар туралы хабарламалар

Оқиғалар туралы хабарламалар сізге ғимаратыңыз бен жабдығыңыз туралы маңызды жаңартуларды бақылауға мүмкіндік береді.

Forecasting

Капиталды жоспарлаушы

Жеке ұсыныстар сізге келеңсіз жағдайларды болдырмауға, жабдықтың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға және болашақты жоспарлауға көмектеседі.

Ақпарат талап ету бойынша беріледі

Біз сізбен нақты уақыт мезетінде тілдесеміз

Біз сізбен жұмыс істеу оңай болуы үшін бар күшімізді саламыз. Бұл сізге кез келген уақытта өзіңізге қажетті барлық ақпараттарды іздеуге арналған бірыңғай орынның ұсынылатындығын білдіреді. Жаңа клиенттік портал арқылы сіз өзіңіздің есеп жазбаңызға тәулік бойы әрі демалыссыз жан-жақты шолу жасай аласыз. Біздің командаларға телефон немесе чат арқылы тікелей хабарласыңыз, осы арқылы журналдағы ақаулар туралы білуге және қызмет көрсету тәртібі мен жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін нақты уақыт мезетінде бақылауға болады.

Не болмаса, сатып алу және шоттарды белгілеу әрекеттерін жеңілдету мақсатында Отис деректерін ағымдағы ғимараттарды басқару қолданбаларына қосу үшін API интеграциясын қолданыңыз.

Лезде қабылданатын шешімдер

Біз деректерді іске қосамыз

Қызметтің болашағы - бұл тиісті ақаулар қиындыққа айналмай тұрып, оларды анықтау мақсатында белсенді әрі болжамалы қызмет көрсетуге бағытталған қадам. Болашағыңыз Otis ONE ™ қолында.

Otis ONE, бұл біздің арнайы қосылған сандық технологияларымыз (IoT) негізінде ойластырылған шешім, ол сіздің жабдығыңыздың күйін тұрақты түрде бақылайды, оған қатысты ақпараттарды жинап, талдау жасайды, осы арқылы сіз қызмет көрсетуге қатысты қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра, ықтимал өшірілу жағдайларының алдын ала және инвестицияларыңыздың көлемін барынша арттыра аласыз. Сіздің жолаушыларыңыз үшін мұндай қауіпсіз, сенімді әрі тиімді қозғалу мүмкіндігі бұрын-соңды ұсынылмаған.

Otis ONE қарау
Eliteservice Phone Representative

Элиталық сервис

Тыныштықты дистанциялық диагностикамен бірге 24/7 сезіңіз

Инженерлердің арнайы командасы сіздің лифтіңіздің мәліметтерін нақты уақытта алып отырады және қиындық туған кезде дабылды қабылдайды. Көп жағдайда олар қиындықты сіз білгенге дейін анықтап, түзетіп қояды.

Eliteservice Phone Representative

eService

Өзіңіздің сервис портфеліңізді үстел басында отырып немесе жол үстінде басқарыңыз

Біздің eService порталымыз қажетті лифт пен сіздің компьютеріңіздегі немесе ұялы құралыңыздағы қызметтік ақпаратқа сол сәтте қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Өндірістілік көрсеткіштерінің панелін қараңыз, қызмет көрсету туралы мәліметтерді тексеріңіз немесе қызметтік шақыруға тапсырыс беріңіз.

Eliteservice Phone Representative

eService Mobile

Құралыңызды тікелей телефоннан басқарыңыз

Есептік жазбалар мәліметтерін нақты уақытта беру саласындағы бірінші қосымша eService mobile көмегі арқылы өз лифтіңіздің тиімділігі туралы мәліметтер мен қызмет көрсету тарихын тікелей өз ұялы құралыңыздан қараңыз.

OTISLINE®

Сарапшылардың 24/7 қолдауы

Әр күн, әр сағат сайын OTISLINE байланыс орталығы сізге көмегін ұсынуға дайын. Осы сервистің көмегімен сіз осы саланың қыр-сырын меңгерген мамандардан өзіңіздің жүйеңіздің жұмысына және қандай да бір проблема туындаған кезде не істеу керектігіне қатысты кеңестер ала аласыз. Әр қоңырау шалған сайын OTISLINE байланыс орталығы сізге қажетті шешімнің ең жылдам жолын ұсынады.

Бізбен хабарласу

Қызмет көрсету барысын жаңа қырынан көріңіз

Otis Signature Service функциясында заманауи интеллект пен барынша дербес сервис ұсыну талпынысы үйлесім тапқан.

Брошюраны жүктеу

General enquiries

Қосымша ақпарат және Otis өнімдері мен қызметтері туралы кеңестер алу үшін бізге хабарласыңыз

Байланыстар