blue background

Жеделсатының қауіпсіздігі

Жеделсатымен қауіпсіз жүруге арналған кеңестер

Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін бәрінен жоғары. Біздің зауыттарда, жұмыс алаңдарында және қоғамдағы қауіпсіздік үшін ықпалдастық жасау арқылы біз әр жолаушының жеделсатыдағы қауіпсіздігі мен жайлы сапарына кепілдік беру үшін қажырлықпен жұмыс жасаймыз. Сіз сапар жасау кезінде осы қауіпсіздік жөніндегі кеңестерге құлақ асу арқылы бізге көмектесе аласыз.

Жеделсатыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі кеңестер

Жеделсатыларға жақындағанда осы нұсқауларды орындаңыз.

  • Белгіленген бағытты біліңіз. Жеделсаты бағытын таңдау үшін жеделсатыны шақыру батырмасын бір рет басыңыз.
  • Өзіңізге қажетті жеделсаты кабинасының келу сигналын аңдаңыз.
  • Шығатын жолаушылардың жолын бөгемеңіз. Егер жеделсатының іші толы болса, келесі кабинаны күтіңіз.
  • Қол, аяқ, таяқ және т.б. заттармен есіктердің жабылуына кедергі жасамаңыз. Келесі жеделсатыны күтіңіз.
  • Өрт немесе электр қуатының бұзылуына әкелуі мүмкін басқа жағдай туындаған кезде баспалдақты пайдаланыңыз.

Жеделсатыға кіру және одан шығу кезінде мынадай қағидаларды сақтаңыз.

  • Абайлап кіріп, аңдап шығыңыз. Ең алдымен есікке жақын жолаушылар қозғалуы керек.
  • Жеделсаты кабинасына кіргенде қажетті қабат батырмасын тез басып, басқа жолаушыларға орын беру үшін кабинаның артына өтіңіз.
  • Балалар мен үй жануарларын мықтап ұстаңыз.
  • Есіктерден алыс тұрыңыз, киім мен қол жүгін есіктен қашық ұстаңыз.
  • Егер есіктерді ашық ұстау қажет болса DOOR OPEN батырмасын басып тұрыңыз немесе батырманы басқа біреудің басуын сұраңыз.

Жеделсатымен жүру кезінде осы нұсқамаларды орындаңыз.

  • Есіктерден ары тұрыңыз.
  • Егер бар болса, тұтқадан ұстаңыз.
  • Қабат индикаторларына назар аударыңыз және белгіленген бағытта шығуға дайын тұрыңыз.
  • Егер жеделсаты тоқтаған кезде есіктер ашылмаса, DOOR OPEN батырмасын басыңыз. Егер есіктер әлі де ашылмаса ALARM батырмасын басыңыз және / немесе телефонды немесе ішкі байланыс құралын пайдаланыңыз. Білікті мамандардың көмегін күтіңіз.

Жеделсаты қабаттар арасында тоқтаған кездегі қауіпсіздік шаралары.

  • Көмек шақыру үшін ALARM батырмасын басыңыз немесе тартыңыз.
  • Көмек шақыру үшін телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. Ішкі байланыс жүйесі болғанда немесе дыбыстық байланыс арқылы телефон бойынша. Оларды пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.
  • Жеделсаты есіктерін күшпен ашпаңыз. Жеделсатыдан шығуға әрекет жасамаңыз.
  • Шыдамды болыңыз - сізге көмек келе жатыр. Сіз қауіпсізсіз жердесіз және бұнда ауа жетерлік. Сондықтан тыншығып, көмек күтіңіз.