Біз сіздің әлеміңізді алға жылжытамыз

Барлығы уәдеден басталды

Отисте керемет сервис - ұран ғана емес. Бұл - біз өз ісімізді қалай жасайтындығымыз.

Чарльз Отис сонау 1862 жылы біздің бірінші қызмет көрсету келісім-шартымызды жасаған кезде, клиенттің лифтін жеке қарап шығуға уәде берген. Бүгінгі күні біздің 31 000 қызмет кәсіпқойларымыз жеке жауапкершілік сезімін сезінуде. Олардың әрқайсысы сіздің жеке талаптарыңызға сәйкес келетін ерекше қызмет көрсетуді ұсыну үшін жұмыс істейді.

Біз әлем бойынша 2 миллион лифт пен эскалаторға қызмет көрсете отырып, саладағы №1 жеткізуші болып табылуымыз таңғаларлық жайт емес. Біз қауіпсіз лифт ойлап шығардық, саланы жасадық және осы күнге дейін Америкалық инженер-механиктер қауымдастығы пайдаланатын қауіпсіздік стандарттарын әзірледік.

Біз күн сайын сіздің сеніміңізді жаулаймыз

Біздің мехниктер сіздің ғимаратыңызды өз ғимаратындай көреді.

Бізде саладағы ең үлкен механиктер штаты бар, ол 31 000 жоғары білікті және өз ісіне адал кәсіпқойлар. Олар Отис белгісін мақтан тұтады. Олардың алдына қойылған тапсырма - сіздің жабдығыңызды ол орнатылған күндегідей максималдық өндірістілік дәрежесінде ұстау.

Сіздің тыныштығыңыз үшін біздің техникалық мамандарымыз тәулік бойы жұмыс істейді, ондай мысалдарды Дубайдағы Бурдж-Халифтан, Токиодағы Мори-Тауэрден және жыл сайынғы бес күндік қажылық кезінде Меккедегі Джамарат көпірінен көруге болады.

Бұл - барлық қызмет бойы сіздің сеніміздің ақтауымыздың белгісі.

Сандық экожүйе

Сандық технологиялар сізге жұмыс істейді

Сақтандыратын лифт ойлап тапқаннан кейін біз лифттердің өндірістілігін және оларға қызмет көрсетуді елеулі жақсарту үшін технология шектерін кеңейтуді жалғастырдық.

Біз қызмет көрсетуді жақсарту үшін дистанциондық диагностикалау мен зияткерлік аналитиканы пайдаланған алғашқы лифт компанияларының ішіндеміз. Және бүгінгі күнгі айтарлықтай ақылды, қосылған лифттерге біз жеке қызмет көрсетудің одан да жоғары дәрежесін қамтамасыз ету үшін сандық технология мен Ғаламтордың қуатын пайдаланамыз.

Көбірек білу
Eliteservice Phone Representative

Элиталық сервис

Тыныштықты дистанциялық диагностикамен бірге 24/7 сезіңіз

Инженерлердің арнайы командасы сіздің лифтіңіздің мәліметтерін нақты уақытта алып отырады және қиындық туған кезде дабылды қабылдайды. Көп жағдайда олар қиындықты сіз білгенге дейін анықтап, түзетіп қояды.

Eliteservice Phone Representative

eService

Өзіңіздің сервис портфеліңізді үстел басында отырып немесе жол үстінде басқарыңыз

Біздің eService порталымыз қажетті лифт пен сіздің компьютеріңіздегі немесе ұялы құралыңыздағы қызметтік ақпаратқа сол сәтте қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Өндірістілік көрсеткіштерінің панелін қараңыз, қызмет көрсету туралы мәліметтерді тексеріңіз немесе қызметтік шақыруға тапсырыс беріңіз.

Eliteservice Phone Representative

eService Mobile

Құралыңызды тікелей телефоннан басқарыңыз

Есептік жазбалар мәліметтерін нақты уақытта беру саласындағы бірінші қосымша eService mobile көмегі арқылы өз лифтіңіздің тиімділігі туралы мәліметтер мен қызмет көрсету тарихын тікелей өз ұялы құралыңыздан қараңыз.

OTISLINE®

Сарапшылардың 24/7 қолдауы

Әр күн, әр сағат сайын OTISLINE байланыс орталығы сізге көмегін ұсынуға дайын. Осы сервистің көмегімен сіз осы саланың қыр-сырын меңгерген мамандардан өзіңіздің жүйеңіздің жұмысына және қандай да бір проблема туындаған кезде не істеу керектігіне қатысты кеңестер ала аласыз. Әр қоңырау шалған сайын OTISLINE байланыс орталығы сізге қажетті шешімнің ең жылдам жолын ұсынады.

Бізбен хабарласу

eView™

Тегіс, стильді және пайдаланудағы қарапайым eView сауықты, автокөлік функциясын, ақпаратты, жүйені мониторингтеу мен шұғыл қоңырау технологиясын ұсынады. Сіз енді қосыла аласыз.

Ақпараттық бюллетенді жүктеңіз

General enquiries

Қосымша ақпарат және Otis өнімдері мен қызметтері туралы кеңестер алу үшін бізге хабарласыңыз

Байланыстар