Silhouette of a woman standing by a window, looking out over a city landscape.

Біздің компания

Made to move you™

Біз саладағы ең ірі компания болып табыламыз, біз күніне 2.2 миллиард адамды тасымалдаймыз және бүкіл әлем бойынша ~2.3 миллионнан астам клиенттерге қызмет көрсетеміз. Бізді әлемнің ең танымал ғимараттарынан, сондай-ақ тығыз көлік тораптары мен қызу сауда орталықтарынан табуға болады. Бізді адамдар қозғалатын барлық жерде кездестіруге болады.  Отис компаниясында 71 000 адам, оның ішінде 42 000 салалық маман жұмыс істейді, олардың барлығы біздің клиенттеріміздің түрлі талаптарына сәйкес болуға бағытталған.

Жылдық есеп Ақпараттық бюллетеньді жүктеу
woman_waiting_elevator_our_company

Біздің жетістігіміз инновациялық мәдениетке, клиенттеріміздің сеніміне және бізді айқындайтын құндылықтарға негізделген.

Біздің көзқарасымыз

Біз адамдарға анағұрлым жоғары, қарқынды әрі ақылды әлемде өзара іс-қимыл жасауға және жетістікке жетуге мүмкіндік береміз

Біздің миссиямыз

Әлемдік деңгейде клиентке бағытталған, сервиске бағдарланған компания болу 

Біздің құндылықтарымыз

Біз жасайтын істеріміздің барлығы адамдар үшін арналған
Біз сенімді, тамаша ұйымдастырылған және болашаққа бағыт ұстанған компаниямыз
Біз адамдарды біріктіреміз
Біз әрқашан ойластырған бастаманы аяқтау үшін аянбай жұмыс істейміз

Отис Абсолюттері

Біз революция жасадық, әлемді өзгерттік

Отис - бай тарихы бар асқақ бренд. Біздің өзара байланысқан қалалық тұрмысты құру ісіне атсалыса алатын компаниялардың саны бірен-саран. Біз қалаларды құруға көмектестік, адамдардың өмір салты мен жұмыс нысанын өзгертіп, сәулет саласында революция жасадық.

Біздің саламыз жаһандық ауқымға ие, біздің адамдар жергілікті міндеттерді шешеді

Біздің жаһандық қатысуымыз сіз қай жерде болсаңыз да тұрақты сапаны, қауіпсіздікті және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Біз 200 ел мен өңірлерде тауарлар мен қызметтерді ұсынамыз. Қай жерде болсаңыз да, сіз сапа, қауіпсіздік және стильге қатысты толыққанды бірізділікке сене аласыз. Бұл бүкіл әлем бойынша біздің 26 инженерлік орталығымыздың және 11 сынақ орталығымыздың ұстанатын мақсатқа бағытталған саясаты.

Біз жақсы корпоративтік құрылым бола отырып, жетістікке жетеміз

Шамамен 200 ел мен аймақтарда клиенттермен жұмыс жасай отырып, Отис нағыз әлем азаматы деуге болады.

Біз бизнес жүргізетін барлық жерде қаржылық көрсеткіштер мен корпоративтік жауапкершілік қатар жүреді деген сенімді басшылыққа аламыз.

Әлеуметтік жауапкершілік