Product and services page Place

Әлеуметтік жауапкершілік

Біздің компания әлеуметтік мәселелер мен міндеттерді шешу ісіне табысты үлес қосуда

Шамамен 200 ел мен аймақтарда клиенттермен жұмыс жасай отырып, Отис нағыз әлем азаматы деуге болады. Біз бизнес жүргізетін барлық жерде қаржылық көрсеткіштер мен корпоративтік жауапкершілік қатар жүреді деген сенімді басшылыққа аламыз. Біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті моральдық жауапкершілік және бизнеске қойылатын бірінші кезектегі талап ретінде қараймыз және алғы қатарда болу үшін біз жақсылық жасауымыз керек екенін түсінеміз. Сондықтан біз жергілікті қауымдастықтарға инвестиция саламыз, қызметкерлердің волонтерлік қызметін ынталандырамыз, қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтуға тырысамыз, жұмыс орнында тұлғалық айырмашылықтар мен даралық сипаттарын құрметтеу мәдениетін тәрбиелейміз және қауіпсіздіктің, этика мен сапаның ең жоғары стандарттарын мойындаймыз. Адамдарға үнемі дамып келе жатқан әлемде жетілу және қатынасу еркіндігін беруге ұмтыла отырып, біз жұмыс істейтін барлық жерде өмір сүруді жақсартуға тырысамыз.

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша біздің қызметкерлер өздері тұратын және жұмыс істейтін қоғамдастықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз еркімен жұмыс жасап мыңдаған сағат жұмсайды

Азияның жасыл өсінділері

Біздің қызметкерлер "Жасыл өсінділер" бағдарламасын үлкен ықыласпен қолдайды, бұл бағдарлама өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік артықшылықтарын жете түсінуі үшін оқу орындарын салу немесе қайта құру, кітапханалар жасақтау және курстар өткізу арқылы балалар үшін оқыту ортасын жақсартуға бағытталған. 2011 жылдан бастап "Жасыл өсінділер" бағдарламасы Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Корея, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд пен Вьетнамды қоса алғанда, Азияның едәуір аумағы бойынша бастауыш мектептерде мыңдаған баланың игілігіне жарады. 2019 жылы Кореядағы Отис қызметкерлері Сеулдегі балабақшаға барды, ол жерде олар еден жөндеу, тұсқағаз жаңарту, ескі шкафтарды ауыстыру ісімен айналысты. Орайлы сәтті пайдаланып олар жеделсатылар мен эскалаторлардың қауіпсіздігі мәселелерін көрсетіп үйретті. Таиландта Отис волонтерлері 700 мұқтаж балаларға қызмет көрсететін Лопбури провинциясының ауылдық мектебіне су диспенсерлерін, төбелік желдеткіштер мен басқа да материалдарды жеткізді.

 

Науқас балаларға қуаныш сыйлау

Біздің Испаниядағы қызметкерлер «Теодора» қорымен бірлесіп, ел аумағы бойынша ауруханалар мен мамандандырылған орталықтарда емделіп жатқан балалардың күнделікті өміріне өз үлесін қосуда. Волонтерлердің клоун киімдерін киіп балаларға баруы оларды шаттыққа бөлейді. Біздің "United for One More Smile!" ("Тағы бір қуанышты сәт үшін бірігейік!") атты науқан корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті насихаттайтын Fundacion Gala коммерциялық емес ұйым демеуімен Premios Empressa Social (әлеуметтік мәселелер мен міндеттерді шешу ісіне табысты үлес қосқаны үшін марапат) наградасын алды. 1993 жылы құрылған «Теодора» қоры ауруханалар мен арнайы күтім көрсету орталықтарындағы балаларға арнайы оқудан өткен еріктілермен кездесу ұйымдастырып, "күлкі мен қуаныш сыйлауға" талпынады.

Арнайы олимпиадаларға барлық маусымдық қатысу

Отис қызметкерлері бірнеше жылдан бері параолимпиялық ойындарды және осы ойындардың басты миссиясын белсенді түрде қолдайды: яғни интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектер үшін барлық маусымдық спорттық жаттығуды қамтамасыз ету - және Арнайы Олимпиадаға қатысудың барлық қуанышын сезінуге мүмкіндік беру. Біздің мыңдаған қызметкерлеріміз Токио мен Сиднейден бастап Парижге, Мадридке және Құрама Штаттарына дейін бүкіл әлем бойынша өткізілетін іс-шараларда волонтерлік қызмет жүргізді. Олардың көпшілігі спортшыларды қысқы және жазғы спорт түрлерінен, атап айтқанда тау шаңғысы мен сноубордтан бастап спорттық жүріске, баскетбол мен футболға дейін жаттықтыруға көмектесті. Сондай-ақ жыл сайынғы марафондық қашықтыққа жүгіру іс-шаралары барысында қажетті қаражат жинауға ат салысты. 2020 жылдың ақпан айында Отис қызметкерлері Коннектикут аумағында қысқы ойындарды бастауға көмектесті, олар бұнымен 20 жыл айналысып келді.

Сенімді шешім

Біз ReGen жетек сияқты тұрақты технологияларды әзірлеу ісінде бастамашы болып саналамыз. Қазіргі уақытта біздің Gen2 және SkyRise жеделсатылардың стандартты жиынтығына кіретін ReGen жетек жеделсаты өндірген энергияны жинақтайды және оны ғимараттың басқа жүйелері бірнеше рет пайдаланатын энергияға айналдырады. Отис ойлап шығарған тағы бір инновациялық әзірлеме бұл электр энергиясын үнемдеуге және жеделсатыға келу уақытын есептей отырып күту уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін CompassPlus диспетчерлендіру технологиясы болып табылады. Regen жетекпен жабдықталған Gen2 жеделсатысы регенеративті жетегі жоқ қарапайым жүйелермен салыстырғанда қалыпты пайдалану жағдайында энергияны тұтынуды 75 пайызға төмендетуге қабілетті.

Қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу

Компания ретінде біз Отис отбасының әрбір мүшесі күнбе-күн үйге қауіпсіз оралады деген ортақ міндеттемемен айшықталатын қауіпсіздік мәдениетін нығайтамыз. Бұл дегеніміз өзара байланыс және әрқайсымыздың отбасы, жеке мақсаты және қосар үлесі бар деген ортақ түсінік. 

Біздің мақсатқа жету үшін біз цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Қауіпсіз және жеңіл жұмыс үшін біз пайдаланатын механиканы Отис қолданбалары орнатылған смартфондармен жабдықтадық. Мысалы, біздің жаңа Otis Tune қолданбасы шу немесе діріл көзін жою үшін механикадағы жөндеу қажеттілігін азайтуы немесе алып тастауы мүмкін. Енді бағдарламалық қолданбаны іске қосып және жеделсаты кабинасының еденіне, эскалатордың баспалдағына немесе тұтқасына iPhone орната отырып, кабинадан өлшеулерді орындау мүмкіндігі бар. Tune қолданбасы шу мен діріл туралы деректерді жинайды, содан кейін әлеуетті проблемаларды диагностикалайды. 

2020 жылдың басында біздің 69000 қызметкерлеріміз қосалқы мердігер-серіктестермен бірге қауіпсіздік техникасы бойынша жоспарланған күнді бірлесіп өткізу үшін бірге жиналды. Отис қызметкерлері жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты қағидаттарын талқылау, жеке тәжірибесімен бөлісу және қауіпсіздікті Отис негізгі құндылықтарының бірі ретінде белгілеу үшін бүкіл әлем бойынша біздің кәсіпорындарымызға жиналды. 
 

Біздің әрқайсысымыз дауысқа ие

Біз 69000 қызметкерлерден тұратын қоғамдастық болып табыламыз  Шығу жері, нәсілі, жынысы немесе кез келген басқа аспектісі тұрғысынан алғанда біздің еңбек ұжымы біздің клиенттік базаның және біз жұмыс істеп жатқан нарықтардың әралуандығын көрсетеді. Бұл оның шығу тегіне қарамастан, "ең озық идея әрқашан да жеңеді" деген пікірге қосылудың басты себебі. Бірлесіп қатысу амалдары және біздің әр түрлі қауымдастыққа тән идеология қуатты күш болып табылады. Отис қызметкерлерін қолдау тобы (ERG) бұл әр түрлі қауымдастықты сақтап, оны дамытуға және оған жаңа қызметкерлерді тартуға көмектесіп маңызды рөл атқарады. Бізде шамамен 50 ERG және бүкіл әлем бойынша бөлімшелері бар. Қызметкерлердің бастамасымен құрылған бұл топтар қатысушылардың бірегей мүдделері мен қажеттіліктеріне негізделе отырып, оқытуды, өзара қолдауды және басқа да іс-шараларды қамтамасыз етеді. Олар үлкен ұйымымыздың маңызды бөлігі болып табылады. Бағалау бойынша, бүкіл әлем бойынша жалпы саны 2500 Отис қызметкері ERG қызметіне қатысады. Мысалы, Forward бағдарламасы дәстүрлі түрде ерлер жұмыс істейтін салаларда оқыту бағдарламаларын ұсына отырып, салалық мамандар ретінде жұмыс істейтін әйелдерге қолдау көрсетеді. Әйелдер үшін, сондай-ақ ерлер үшін есігі ашық Forward бағдарламасына қатысушылардың саны 2016 жылы құрылған сәттен бастап 500-ге дейін өсті. Басқа ERG топтарына HOLA (Испан көшбасшылық және даму ұйымы); GLOW (OTIS бүкіл әлем бойынша ЛГБТ қауымдастығы); және APCOE (Otis Elevator Азия-Тынық мұхиты коалициясы) кіреді.