Empire State Building | Otis Global Projects
Эмпайр Стейт Билдинг
Нью-Йорк
Эмпайр Стейт Билдинг
1931 жылы ашылған Эмпайр-стейт-билдинг 100 жоғарғы қабатқа жеткен алғашқы ғимарат болды, бұл ар-деко бағытындағы жауһар мен әлемдік деңгейдегі көзайымға құпиялылық нышанын дарытқан ерекше дәуір болды.
Отис сол кездегі ең жылдам әрі заманауи жеделсатыларды орнату арқылы бұл мүмкіндікті іске асыруға көмектесті. Олардың көпшілігі жылдамдықты басқару және теңшеу үшін күрделі сигнал бақылау жүйелерімен жабдықталған. Ол кезде оларға әлі де болса «роботтандырылған жеделсатылар» аталған қызмет көрсететін персонал қажет болды.
Ғимарат иелері 80 жылдан кейін көмек көрсету үшін Отиске тағы жүгінді, бұл жолы әңгіме сәулетті мұнараның жеделсатыларын 21-ші ғасырға тән жаңарту жобасы аясында болды - бұл ретте ғимаратты тұрақтылық үлгісі, технологиялық компаниялар үшін тамаша құрылысжай және, әрине, бес жұлдызды туристік орын ретінде бейнелеу ойластырылды.
Іс жүзінде 2019 жылы аяқталған жаңғырту біздің тарихымыздағы бұндай ірі жобалардың бірегейі және ең күрделі жобалардың бірі болды. Жаңартылған жеделсатылар бастапқы орнатылған жабдықтарға қарағанда 50-75 пайызға тиімді. Otis ReGen® жетек технологиясы өзге жағдайда жылу түрінде зая болып кететін энергияны ұстап қалып, оны басқа жүйелердің пайдалануы үшін ғимараттың электр желісіне қайтарады. Біздің CompassPlus® интеллектуалды диспетчерлеу жүйесінің арқасында жолаушылар қарбалас уақытта діттеген жерге 50 пайызға тез уақытта жетеді. Сондай-ақ, біз үш жаңа Gen2® жеделсатысын орнаттық, оларда жатық әрі шуылсыз сапарды қамтамасыз ету үшін әдеттегі болат сымарқандардың орнына болатпен армирленген полиуретаннан жасалған белдіктер ойластырылған
Отис өндіретін жаңа жеделсатылар жыл сайын 4 миллионға жететін жалға алушыларды, келушілер мен обсерватория қонақтарын тасымалдайды.
Әлем шыңындағы шыны ұя
Жаңғырту ісінің інжу-маржаны тапсырыс бойынша шыныдан жасалған Gen2 жеделсатысы болып табылады, ол 86-шы қабаттан обсерваторияның 102-ші қабатына көтеріледі, қазір ол Нью-Йорк пен одан тыс аумаққа 360 градус кедергісіз көріністі қамтамасыз ету мақсатында шынымен қапталған. Жолаушылар Обсерваторияға көтеріліп, қайтадан түсіп бара жатқанда, олар шахтаның қабырғаларына проекция түрінде түсірілген жарық шоуды тамашалайды, ал кабинада мұқият таңдалған музыка ойнайды. 102-ші қабаттағы баспалдақта тіпті шахтаның қабырғалары әйнектен жасалған, бұл әлем шыңындағы шыны ұяда болу сезімін күшейтеді.
Сізге қызмет етуге әзір
Отис бригадалары модернизацияны аяқтау үшін сегіз жыл бойы тәулік бойы жұмыс істеді. Салмағы 13 тоннаға дейінгі жаңа машиналар бөлшектеліп жеткізілді. Стандартты емес қондырғыларда қарсы салмақтар орнына түсірілді. Ғимараттың Манхэттеннің Мидтаун ауданында орналасуы материалдар жеткізуді мұқият жоспарлау керек дегенді білдірген еді. Бүгінгі таңда біздің механиктер ғимараттағы жеделсатыларды барынша тиімділікпен күтіп ұстау үшін тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн жұмыс істейді.
Эмпайр-стейт-билдинг туралы шын деректер
Эмпайр-стейт-билдинг құрылысын аяқтау үшін 1930 жылы 17 наурызда мұнараның алғашқы болат бағандарын орнатудан бастап 1931 жылы 11 сәуірде құрылыстың аяқталуына дейін 410 күн қажет болды. Ресми ашылымы 1931 жылдың 1 мамырында өтті. Бүгінгі таңда салыстыруға келерлік бірде-бір зәулім құрылым мұндай құрылыс қарқынына сәйкес келмеген.
Эмпайр-стейт-билдинг 1970 жылы Отистің тағы бір жобасы - Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасы бой көтергенге дейін шамамен 40 жыл бойы әлемдегі ең биік ғимарат атағын иемденген. Бұл ғибадатхана ондаған фильмдерде, атап айтқанда 1933 жылы шыққан «Кинг-Конг» классикалық фильмінде және «Махаббат романы» (1939 ж.), «Ұмытылмас роман» (1957 ж.) және «Сиэттлдегі ұйқысыз» (1993 ж.) үш классикалық романтикалық фильмдерде көрсетілді.
2009 жылы Эмпайр-стейт-билдинг энергияны тұтынуды 40 пайызға төмендету үшін бірқатар жаңартулардан өтті. Бұл құны 106 миллион доллар құрайтын инвестициялар жыл сайын 4,4 миллион доллар мөлшерінде қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді және дүниежүзілік сәулет жауһарын әлемдегі ең экологиялық таза ғимараттардың біріне айналдырды. 2011 жылы оған бұл атақ берілген кезде ол АҚШ-тағы LEED сертификаты бар ең биік ғимарат болды.
-
1 Ашылымы
1 мамыр 1931 ж.
-
2 Шыңына дейінгі биіктік
1,454 фут (443,2 м)
-
3 Пайдалану
Офистер, Сауда, Шолу алаңдары
-
4 Сәулетшілер
Shreve, Lamb & Harmon Associates - Шрив, Лэмб және Хармон Ассошиэйтс
-
5 Бас мердігер
Старретт және Элкен ағайындылар
-
6 73
жеделсаты
-
7 8
эскалатор