High-Rise Safety Systems
Биіктік қауіпсіздік жүйелері
Биіктікке көтерілетін заманауи жеделсатыдағы қауіпсіздік жүйелері
Кейбіреулер грек математигі Архимед біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда жеделсатыға ұқсас құрылғыны ойлап шығарды деп топшылайды. Бірақ Элиша Отис жеделсатының сақтандырғыш тежегішін ойлап тапқаннан соң 1852 жылдан кейін жеделсатылар адамдар үшін қауіпсіз әрі сенімді көлік құралына айналды.
Отис инженерлік әзірлемесі болып табылатын сақтандырғыш тежегіш көтергіш сымарқан үзілген жағдайда жеделсатының құлап кетуіне жол бермеді. Егер арқан салбырап қалған жағдайда керудің босаңсуы сақтандырғыш тежегішін іске қосатын, бұл айлабұйым жеделсаты кабинасының қарама-қарсы жағынан жеделсатыны ұстап тұрған рельстерде ойылған ойықтарға бекітілген үлкен пластина үлгідегі серіппе болатын.
Қазіргі заманғы биік жеделсатыларда қолданылатын қауіпсіздік жүйелері Элиша Отистің бастапқы құрылғысына қарағанда әлдеқайда жетік дамыған және ілгеру есептеулер, сенсорлық технологиялар және материалтану сияқты салаларда жұмыс істейтін инженерлер ұрпақтар бойы әзірлеп шығарған күрделі технологияларды қамтиды.
Жобасы мұқият ойластырылған жүйелер, міне, осылай жұмыс істейді - сіз қазіргі заманғы зәулім ғимараттардың бірінде жеделсатымен қозғалу кезінде өзіңізді қауіпсіз сезінуіңіздің де себебі осыдан.
Қауіпсіздік үшін жасалған
Қазіргі заманғы жеделсатыларда қауіпсіздік компоненттерінің екі негізгі жиынтығы бар: олар электрлік және механикалық бөлігі.
Электрлік компоненттерге жеделсатының контроллері, датчиктер және бағдарламалық жүйелер кіреді. Жеделсатының контроллері жүйенің миы ретінде қызмет етеді. Датчиктер жылдамдық пен кабинаның қалпы, есіктің құлып тетігінің жай-күйі немесе қолжетім тақтасының қалпы сияқты қауіпсіздікке қатысты функцияларды басқарады; олар деректерді контроллерге кері жібереді. Бағдарламалық жүйелер резервтік сенсорлық жүйелерді тексеру үшін тәуелсіз бағалауды қамтамасыз етеді.
Механикалық компоненттерге жеделсатының өзі, тежегіш, жылдамдықты реттегіш, сақтандырғыш тежегіштер (кабинаның сақтандырғыш құрылғылары деп те аталады) және көтергіштегі шахтаның төменгі бөлігінің буферлері жатады.
Аспалы сымарқандар болса қауіпсіздік жүйесінің маңызды компоненттері болып табылады. Бүгінгі таңда биіктікке көтерілетін жеделсатылар көптеген сымарқандар көмегімен жоғары және төмен жылжиды - бұл толық жүктелген көлікті ұстап тұру үшін қажетті мөлшерден әлдеқайда көп.
Қауіпсіздіктің негізгі функциялары
-
1 1 Контролер
Микропроцессорлар негізінде жасалған контроллерлер - бұл бірнеше ішкі жүйелерден, компоненттерден және датчиктерден алынған мәліметтер негізінде жеделсатының барлық функцияларын басқаратын жүйенің миы десе болады.
-
2 2 Машина
Редукторсыз машина қозғалтқыштан, тартқыш тегерден және тежегіштен тұрады. Тегер жеделсаты кабинасына бекітілген кабельдерді қозғалысқа келтіреді және қарсы салмақ тудырады. Редукторсыз тартқышты машинада жетекші тегер қозғалтқыштың ажырамас бөлігі болып табылады..
-
3 3 Тежегіштер
Қазіргі заманғы жеделсатыларда үйкелісті тежегіштер пайдаланылады: бұл қозғалтқыш білігіне орнатылған атанаққа, тегерге немесе дискіге бірдей және қарама-қарсы қысым келтіретін қостірек. Серіппелер тежегіш қалыптарды тегерге сығымдайды және электрлік тәсілмен көтеріледі. Қуат жоғалған кезде тежегіш іске қосылады.
-
4 4 Жылдамдықты реттегіш
Жылдамдықты реттегіш кабинаның жылдамдығын үнемі қадағалайды. Егер кабина ең жоғары номинал жылдамдықтан асып кетсе, реттегіш серіппенің ішіндегі жүкше сыртқа қарай жылжиды, нәтижесінде реттегіш қозғалыс келтіреді: алдымен машинаның, содан кейін кабина тежегішін іске қосады.
-
5 5 Сақтандырғыштар
Жеделсаты кабинасында орналасқан сақтандырғыштар іске қосылған кезде шахта рельстерімен өзара әрекеттеседі.
-
6 6 Буфер
Шахтаның төменгі жағында орналасқан буферлер төменге түсетін жеделсатының соққы әсерін бәсеңдетіп, оны тарата алады.
PDF жүктеп алу
Сценарийдің мысалы
Биіктікке көтерілетін заманауи жеделсатылардың қауіпсіздік жүйесін сипаттай келе, инженерлер қауіпсіздік тізбегі
туралы айтады. Бұл таныс мақалдың астын үстіне келтіретін метафора. Бір тізбекті үзіліс - бұл кезде мәселе шешілмейінше жеделсатың жұмысы тоқтатылады. Бұның күші осында.
Жеделсаты өзінің номинал жылдамдығынан белгілі бір пайызға асып кетті делік: қауіпсіздік тізбегіндегі буында жеделсатыны қауіпсіз тоқтату үшін басқару жүйесін іске қосу арқылы тұйықсыздану процесі орын алды.
Бұл жағдайда жеделсатының датчиктері жылдамдықтың жоғарылағаны туралы контроллерге хабарлайды, ол алдымен жеделсатыны баяулату үшін машинаға берілетін токты өзгертеді. Бұл уақытта машинаның тежегіші әлі іске қосылмаған. Машинаның өзі жеделсатыны тежейді. Бұл процесс көлік тежегішін басудың орнына механикалық беріліс қорабы бар автомобильде төмен беріліс жүрісіне ауысуға ұқсас келеді.
Егер машинадағы токтың өзгеруі жеделсатыны жеткілікті дәрежеде баяулатпаса, контроллер машинаның қуатын толық өшіреді және машинаның тежегішін қосады, сөйтіп жеделсатыны одан бетер баяулатады. Қауіпсіздік жүйесі жеделсатыны басқарылатын аялдамаға келтіру үшін (қолданыстағы нормаларға сәйкес) әзірленген.
Егер жеделсатының үдеуі жалғасатын болса немесе инженерлік тілдежылдамдықтан асып кетсе
, реттегіш қауіпсіздік иерархиясындағы іске қосылуы тиіс болатын келесі компонентке айналады.
Реттегіш - бұл машина бөлімінде орнатылған жылдамдықты өлшейтін құрылғы. Оның дербес тегері болады, оны жеделсатының кабинасына бекітілген болат сымарқан (реттегіш арқаны) басқарады, яғни ол жеделсатыға тән жылдамдықпен қозғалады. Егер реттегіш тым тез айналса, реттегіш ішіндегі жүкшелер сыртқа қарай серпіліп, реттегіш сымарқанынан ілінісіп құрылғыны тоқтатады.
Енді реттегіштің жылжымайтын сымарқаны сақтандырғыштарды - шын мәнінде, машинадағы авариялық тежегіштерді тартады - және оларды қосады. Сақтандырғыштар шахтаның рельстеріне бекітіліп, жеделсатының қауіпсіз тоқтауын қамтамасыз етеді.
Бұл сақтандырғыш құрылғылар Элиша Отистің бастапқы сақтандырғыш тежегішінің заманауи нұсқасы болып табылады.
Егер тежегіш жүйесінің басқа компоненттері жеделсаты шахтаның түбіне жеткен кездегі сәтке дейін жеделсатыны толық тоқтатуға үлгермесе, буферлер іске қосылады. Олар алып автомобиль амортизаторлары ретінде әрекет ете отырып, толық тоқтағанға дейін көлікті баяулатады.
Қауіпсіздік саласындағы жетістіктер
Бұл қауіпсіздік жүйелері қаншалықты сенімді болса да, зерттеумен айналысатын инженерлер қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсартуды жалғастыратын жаңа технологияларды үнемі жетілдіріп отырады.
Салыстырмалы түрде жақында пайда болған инновация PESSRAL ретінде мәлім: бұл жеделсатының қауіпсіздігіне қатысты қосымшаларда бағдарламаланатын электрондық жүйе. Бағдарламаланатын электрондық жүйелердің дамуымен қатар басқару жүйелері одан бетер ақылды күйге түрлене бастады. Бар болғаны қауіпсіздік тізбегіндегі буынның ашық екенін білудің орнына, олар қай буынның ашық екенін анықтап, жағдайға қарай жауап әрекетті бейімдей алады.
Басқару жүйесінің реакциясы автокөлік тізгінін басқаратын адамдардың реакциясына көбірек ұқсайды: кейде олар жол жолағын ауыстыруға шешім қабылдайды; басқа жағдайларда олар толық тоқтауға бекінеді. PESSRAL көмегімен контроллер одан бетер ақылды күйге көшті және жеделсатыны тоқтатып оның жұмысын болдырмау сияқты тек бір ғана нұсқаның орнына,туындаған мәселеге дербес жауаппен әрекет етеді.
Қысқаша ақпарат
Элиша Отис сақтандырғыш тежегішті ойлап тапқаннан бері жеделсатының қауіпсіздік функциялары механикалық компоненттерден, интеллектуалды контроллерлерден және көптеген қауіпсіздік құралдары кіріктірілген ілгері электроникадан тұратын толық интеграцияланған жүйелерге айналды. Осы барлық шараларды сақтаған кезде жеделсатылар қауіпсіздікті, сенімді әрі ыңғайлы қозғалыс құралын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жеделсатылар заманауи желілік әлемді құру кезінде теңдессіз рөл атқарды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, бүгінде әлем халқының 55 пайызы немесе шамамен 4,2 миллиард адам қалаларда тұрады және 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 пайызға жетеді деп күтілуде.
Бұл әлемді жеделсатыларсыз елестету мүмкін емес.